18
октябрь
2022
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру мақсатында 2022-2023 оқу жылындағы енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында түсіндірме жұмыстары


2022 жылдың қазан айының 18 жұлдызында , Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен ЗУМ платформасында МДҰ педагогтарымен кездесу өткізіліп , Балаларды Ерте дамыту институты ұсынған материалдар жинағы ( Стандарт,Үлгілік оқу жоспары , Үлгілік оқу бағдарламасы, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар) таныстырылып , әрбір мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен тәрбиеленушілерінің ата-аналарына жеткізу туралы тапсырма берілген болатын. Аталған тапсырмаларды жүзеге асыру барысында педагогтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсынылған материалдар педаготарға жеткізілді.Балалабақша тәрбиешілері тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай бағдарламаларға енгізілген өзгерістерге оң көзқарастарын білдірді. Сонымен қатар өзгерістерге қатысты ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жоспарланды.