«Ойын-баланың негізгі әрекеті және дамыту құралы» тақырыбында облыстық әдістемелік вебинар » «№24 бөбекжай-бақшасы» КМҚК
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің
«№24 бөбекжай-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(336-22) 5–01–51
Әдіскер
+7(336-22) 5–01–51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ойын-баланың негізгі әрекеті және дамыту құралы» тақырыбында облыстық әдістемелік вебинар
19
апрель
2023

«Ойын-баланың негізгі әрекеті және дамыту құралы» тақырыбында облыстық әдістемелік вебинар




Оқу орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 19 сәуір күні оқу орталығының базасында бөбекжай-бақшамыздың іс-тәжірибесін насихаттау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Ойын-баланың негізгі әрекеті және дамыту құралы» тақырыбында облыстық әдістемелік вебинары ұйымдастырылып өткізілді. Әдістемелік вебинарды оқу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Батырбекқызы ашып, МДҰ-на қойылатын талаптар мен ерекшеліктерге тоқталып соның ішінде ойын ол баланың негізгі дамытушы құралы екенің атап өтіп, бағдарлама бойынша жұмыс көруге шақырды.
Бағдарламаға сәйкес, балабақша әдіскері Р.Жанканова «Балабақша бақыт мекені» тақырыбында дайындалған бейне презентациясын таныстырса, балабақша тәрбиешілер Г.Нургабылова, Г.Абильмажанова, К.Баймаханова, Л.Закирова, Ж.Кожахметова, А.Шилдебекова, Т.Бекмырзаева ортаңғы, ересектержәне мектепалды топтары бойынша кіріктірген іс-әрекеттер мен ата-аналар жұмысын және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында балалардың дағдыларын дамытуда түрлі ойындарды ойната отырып ұйымдастырды. Ал балабақша логопеді Г.Кенжегаринова балалардың дарындылығы мен ерекшелігіне және дағдыларын дамытуға арналған түрлі ойындары ойната отырып, балалармен түзету-дамыту жұмыстарын көрсетті.
Сонымен қатар, шараға қатысып отқан МДҰ мамандары шарағы өздерінің оң бағасын беріп, жылы лебіздерін білдіре отырып, жұмыс көрсеткен мамандарға шығармашылық табыс тіледі. Шараны оқу орталығы директорының орынбасары қорытындылап, жұмыс көрсеткен мамандарға Оқу орталығының сертификаты табысталатының жеткізді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив