«Сауықтыру жұмысын ұйымдастыру»
№4 педагогикалық кеңес үстіміздегі жылдың 14 наурызында ұйымдастырылды. Педагогикалық кеңесте әдіскер Р.Жанканованың ұйымдастыруымен тәрбиешілерді ынталандыру үшін «Ұшқыш кілем», «Пойыз», «Бетпердесіз» және басқа да жаттығулар жасалды. Мақсаты: Ұжымдағы командалық рухты және жұмыскерлердің мотивация¬сын арттыру. Арнайы жаттығулар арқылы педагогтерді біріктіруге, жұмысқа деген ынтаны арттыруға, көңіл көтеруге, ұжымдағы атмосфераны босатуға көмектеседі.