Бүгін бөбекжай-бақшамызда Өзін - өзі тану: "Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы" тақырыбындағы он күндіктің ашылу салтанатын мектепалды "Балдәурен" тобы бүлдіршіндері мен тәрбиешілері Жалиева Динара мен Айназарова Гүлназ ұйымдастырды. Он күндіктің мақсаты – бүлдіршіндердің адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру. Он күндіктің барысында кітаптар көрмесі, дөңгелек үстелдер, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері, тәрбие сағаты, балалар шығармашылық байқаулары, қайырымдылық акциялар, спорттық іс-шаралар, ата-аналардың қатысуымен ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.