Әкімшілік - «№24 бөбекжай-бақшасы» КМҚК http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/ ru Әкімшілік - «№24 бөбекжай-бақшасы» КМҚК DataLife Engine Борсынбаева Карашаш Ошаковна http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/administraciya/6-borsynbaeva-karashash-oshakovna.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/administraciya/6-borsynbaeva-karashash-oshakovna.html

Мен, Борсынбаева Карашаш Ошаковна, ҚР азаматшасы, 1966 жылы 18 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында  қызметкер отбасында дүниеге келдім. Әкем, Борсынбаев Ошақ, Ұлы Отан соғысының ардагері партия мүшесі болса, ал анам – Ахметжанова Орынтайон төрт баланы дүниеге әкеліп, соларға тәрбие беріп, үй шаруасымен айналысып, отбасы бірлігін ойлаған асыл жан.

         Мен алғаш мектепке 1973 жылы Жаңаарқа ауданы, «Рассвет» совхозында орналасқан  мектепке барып, 1983 жылы мектепті жақсы аяқтадым.  Осы жылы Жезқазған қаласындағы педагогикалық институтының «Физика, математика» факультетіне түсіп, 1987 жылы ойдағыдай аяқтадым. Осы жылы жолдамамен Жайрем қаласына №7 балабақшасына тәрбиеші болып орналастым. 1988 жылы осы қаладағы қазақ орта мектебіне мұғалім болып ауыстым. 1992 жылы отбасын құрып, Байқоңыр қаласына көшіп келдім. 2007 жылы Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжіне «Физика» пәні мұғалімі болып орналастым. 2013 жылы Байқоңыр қаласындағы жаңадан ашылған №30 «Бәйтерек» балабақшасына ауыстым. 

         Отбасына тоқтала кететін болсам, 1987 жылы Есіркепов Даулет Жусупович атты азаматқа тұрмысқа шықтым. Қазіргі таңда бір қыз, үш ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасымыз. Жолдасым да өзім секілді бала тәрбиесіне аса мән беріп, олардың елімізге пайдасын тигізетіндей зиялы азамат болып өсулеріне жағдай жасауда. Жолдасым екеуміздің алға қойған мақсатымыз уақытымен шешімін тауып келеді. 1988 жылы дүниеге келген қызым, Есіркепова Жұлдыыз, дипломы бар жоғарғы білімді маман, қазіргі таңда төрт баланың анасы. 1992 жылы дүниеге келген ұлым, Есіркепов Марғұлан, Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылында мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Отбасылы, бір  ұлы бар.   1999 жылы дүниеге келген ұлым Аспандияр Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы «Самсунг» медицина орталығында «Фельдшер» мамандығы бойынша қызмет атқарады, бойдақ. Кенжем Мадияр Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келіп, Байқоңыр қаласындағы техникумда білім алуда.  

         Менің алға қойған мақсатым: «Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ» деп елбасымыз көрегендікпен айтқандай, келешек білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қоссам деймін.

]]>

admin Thu, 02 Feb 2023 19:03:26 +0600
Жайлханова Райхан http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/administraciya/5-askarbaeva-ajzhan-seksenbaevna.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/o-detskom-sade/administraciya/5-askarbaeva-ajzhan-seksenbaevna.html Мен, Жайлханова Райхан, ҚР азаматшасы, 1965 жылы 26 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында қызметкер отбасында дүниеге келдім. Әкем, Бимагамбетов Жайлхан, Ұлы Отан соғысының ардагері партия мүшесі болса, ал анам - Бимагамбетова Төле, алты баланы дүниеге әкеліп, соларға тәрбие беріп, үй шаруасымен айналысып, отбасы бірлігін ойлаған асыл жан. 
       Мен алғаш мектепке 1972 жылы Қазалы ауданындағы №420 теміржол мектебіне барып, 1982 жылы мектепті жақсы аяқтадым. Бесінші сыныптан бастап, музыка мектебіне қатысып, бес жылда баян аспабын еркін меңгеріп шықтым. Бір жыл ата-анамның қасында жұмыс жасап, 1983 жылы Қызылорда қаласындағы қыздар педагогикалық училищесіне «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша оқуға түстім. 1985 жылы училищені де жақсы аяқтап, «балабақша тәрбиешісі» мамандығын иелендім де, сол жылы туған жерімдегі «Бөбек» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Кішкене бүлдіршіндермен жұмыс жасай отырып, мен үшін қиын да, қызықты мамандықты терең меңгеру, кішкентай балалардың сан - қилы психологиялық ерекшеліктерін толық түсіну мақсатында 1986 жылы Қызылорда педагогикалық институтының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен методикасы» мамандығы бойынша сырттай бөліміне оқуға түсіп, 1991 жылы бітіріп, жоғары білімді маман атандым. Осы «Бөбек» балабақшасында жұмыс жасай жүріп, ансамбль құрып, мерекелік іс-шараларда «Қыздар ансамблі» болып өнер көрсеттік. Кішкене бүлдіршіндерге үйренісіп кеткенім соншалық, осы мекемеде жұмыс жасаған он жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппын. 
      1995 жылы жолдасымның жұмысының ауысуына байланысты Байқоңыр қаласына келдік. Байқоңыр қаласындағы еңбек жолымды бастауыш сынып мұғалімі болып, 1999 жылы І сатылы гимназиядан бастадым. 2001-2016 жыл аралығында Байқоңыр қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасадым. 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қармақшы ауданы, Ақай ауылындағы МКҚК №19 «Балдәурен» ясли-бақшасында меңгеруші болып қызмет атқардым. 2018 жылы сәуір айында конкурс нәтижесімен Байқоңыр қаласындағы №24 балабақшасына меңгерушілік қызметке ауыстым.  
      Отбасына тоқтала кететін болсам, 1988 жылы Түменбаев Марал атты азаматқа тұрмысқа шықтым. Қазіргі таңда бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасымыз. Жолдасым да өзім секілді бала тәрбиесіне аса мән беріп, олардың елімізге пайдасын тигізетіндей зиялы азамат болып өсулеріне жағдай жасауда. Жолдасым екеуміздің алға қойған мақсатымыз уақытымен шешімін тауып келеді. 1989 жылы дүниеге келген қызым, Түменбаева Мөлдір, қос дипломы бар жоғарғы білімді маман, қазіргі таңда екі баланың анасы. 1993 жылы дүниеге келген ұлым, Маралұлы Оңталап, Ақтөбе қаласы Жұбанов атындағы университетінің «дизайнер-архитектор»  мамандығын иеленіп, қазіргі таңда Ақтөбе Заң институтының соңғы курс курсанты. 1998 жылы дүниеге келген қызым, Маралова Фариза, өзімнің ізімді қуып, педагог мамандығын таңдап, шет тілі мамандығы бойынша Қызылорда педагогикалық колледжі мен Алматы қаласындағы Қыздар педгогикалық университетін тәмамдап, осы Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп гимназиясына Ағылшын пәні мұғалімі болып жұмыс жасауда. 
      Менің алға қойған мақсатым: «Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ» деп елбасымыз көрегендікпен айтқандай, келешек білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қоссам деймін.  
Мекен-жайым: Байқоңыр қаласы, Мир көшесі, 74-75 пәтер. 
Телефон:  8 777 339 78 02
Эл.почта: raihan26_65@mail.ru
]]>
Мен, Жайлханова Райхан, ҚР азаматшасы, 1965 жылы 26 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында қызметкер отбасында дүниеге келдім. Әкем, Бимагамбетов Жайлхан, Ұлы Отан соғысының ардагері партия мүшесі болса, ал анам - Бимагамбетова Төле, алты баланы дүниеге әкеліп, соларға тәрбие беріп, үй шаруасымен айналысып, отбасы бірлігін ойлаған асыл жан. 
       Мен алғаш мектепке 1972 жылы Қазалы ауданындағы №420 теміржол мектебіне барып, 1982 жылы мектепті жақсы аяқтадым. Бесінші сыныптан бастап, музыка мектебіне қатысып, бес жылда баян аспабын еркін меңгеріп шықтым. Бір жыл ата-анамның қасында жұмыс жасап, 1983 жылы Қызылорда қаласындағы қыздар педагогикалық училищесіне «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша оқуға түстім. 1985 жылы училищені де жақсы аяқтап, «балабақша тәрбиешісі» мамандығын иелендім де, сол жылы туған жерімдегі «Бөбек» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Кішкене бүлдіршіндермен жұмыс жасай отырып, мен үшін қиын да, қызықты мамандықты терең меңгеру, кішкентай балалардың сан - қилы психологиялық ерекшеліктерін толық түсіну мақсатында 1986 жылы Қызылорда педагогикалық институтының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен методикасы» мамандығы бойынша сырттай бөліміне оқуға түсіп, 1991 жылы бітіріп, жоғары білімді маман атандым. Осы «Бөбек» балабақшасында жұмыс жасай жүріп, ансамбль құрып, мерекелік іс-шараларда «Қыздар ансамблі» болып өнер көрсеттік. Кішкене бүлдіршіндерге үйренісіп кеткенім соншалық, осы мекемеде жұмыс жасаған он жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппын. 
      1995 жылы жолдасымның жұмысының ауысуына байланысты Байқоңыр қаласына келдік. Байқоңыр қаласындағы еңбек жолымды бастауыш сынып мұғалімі болып, 1999 жылы І сатылы гимназиядан бастадым. 2001-2016 жыл аралығында Байқоңыр қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасадым. 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қармақшы ауданы, Ақай ауылындағы МКҚК №19 «Балдәурен» ясли-бақшасында меңгеруші болып қызмет атқардым. 2018 жылы сәуір айында конкурс нәтижесімен Байқоңыр қаласындағы №24 балабақшасына меңгерушілік қызметке ауыстым.  
      Отбасына тоқтала кететін болсам, 1988 жылы Түменбаев Марал атты азаматқа тұрмысқа шықтым. Қазіргі таңда бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасымыз. Жолдасым да өзім секілді бала тәрбиесіне аса мән беріп, олардың елімізге пайдасын тигізетіндей зиялы азамат болып өсулеріне жағдай жасауда. Жолдасым екеуміздің алға қойған мақсатымыз уақытымен шешімін тауып келеді. 1989 жылы дүниеге келген қызым, Түменбаева Мөлдір, қос дипломы бар жоғарғы білімді маман, қазіргі таңда екі баланың анасы. 1993 жылы дүниеге келген ұлым, Маралұлы Оңталап, Ақтөбе қаласы Жұбанов атындағы университетінің «дизайнер-архитектор»  мамандығын иеленіп, қазіргі таңда Ақтөбе Заң институтының соңғы курс курсанты. 1998 жылы дүниеге келген қызым, Маралова Фариза, өзімнің ізімді қуып, педагог мамандығын таңдап, шет тілі мамандығы бойынша Қызылорда педагогикалық колледжі мен Алматы қаласындағы Қыздар педгогикалық университетін тәмамдап, осы Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп гимназиясына Ағылшын пәні мұғалімі болып жұмыс жасауда. 
      Менің алға қойған мақсатым: «Еліміздің болашағы – білімді ұрпақ» деп елбасымыз көрегендікпен айтқандай, келешек білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қоссам деймін.  
Мекен-жайым: Байқоңыр қаласы, Мир көшесі, 74-75 пәтер. 
Телефон:  8 777 339 78 02
Эл.почта: raihan26_65@mail.ru
]]>
admin Tue, 02 Nov 2021 19:08:40 +0600