16
сентябрь
2024
“Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық”
“Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық” жобасы аясында ҚМҚК “№24 бөбекжай-бақша” тәрбиешісі Жалиева Динара Түйебайқызы,қаламыздағы №274 мектепке қабылданған “Балдаурен” тобының түлектері,1-ші сынып оқушылары Жеткергенов Қолғанат және Балгазина Назеркемен кездесті. Кездесу барысында Динара Түйебайқызы балалардың оқу үлгерімін және тәртібінің жақсы деңгейде екеніне көз жеткізді. Сынып жетекшілерімен пікір алмасып,бірлескен жұмыс түрлерін көрсетті.




