25
октябрь
2021
«Берекелі алтын күз» Балапан тобы


«Берекелі алтын күз» тақырыбында ертеңгілік болып өтті.
Балалар әртүрлі жеміс-жидек, көкөністердің кейпіне енді. Жеміс-жидектерден жасалған көрме болды. «Берекелі алтын күз» ертеңгілігі сәтті өтті. Мерекеге сай әдемі күзгі әуен ойнап, бүлдіршіндер күз кереметтерін ұсынды.
Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер күз мезгілінде ауа райында орын алатын өзгерістер, жылы жаққа ұшып кететін құстар жайлы айтты. Күз ханшайымы қыркүйек, қазан, қараша атты кейіпкерлерін таныстырды. Бүлдіршендер күз ханшайымымен бірге алтын күзге ән арнады.Ертеңгілік соңында бөбекжай-бақша меңгерушісі Райхан Жайлханова апай бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.