Перспективалық жоспар - «№24 бөбекжай-бақшасы» КМҚК http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/ ru Перспективалық жоспар - «№24 бөбекжай-бақшасы» КМҚК DataLife Engine Кіші "Күн нұры", "Жұлдызша" топтарының перспективалық жоспарлары 2023-2024 оқу жылы http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/421-ksh-kn-nry-zhldyzsha-toptaryny-perspektivaly-zhosparlary-2023-2024-ou-zhyly.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/421-ksh-kn-nry-zhldyzsha-toptaryny-perspektivaly-zhosparlary-2023-2024-ou-zhyly.html admin Fri, 01 Sep 2023 14:45:36 +0600 Ортаңғы "Балдырған", "Қызғалдақ", "Құлпынай" топтары бойынша 2023-2024 оқу жылына перспектива жоспары http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/466-ortay-baldyran-yzalda-lpynaj-toptary-bojynsha-2023-2024-ou-zhylyna-perspektiva-zhospary.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/466-ortay-baldyran-yzalda-lpynaj-toptary-bojynsha-2023-2024-ou-zhylyna-perspektiva-zhospary.html

]]>

]]>
admin Fri, 01 Sep 2023 12:47:46 +0600
Мектепалды "Қарлығаш", "Ақкөгершін", "Балдәурен", "Балбөбек", "Күншуақ" топтары бойынша 2023-2024 оқу жылына перспектива жоспары http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/437-mektepaldy-arlyash-akgershn-balduren-balbbek-knshua-toptary-bojynsha-2023-2024-ou-zhylyna-perspektiva-zhospary.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/437-mektepaldy-arlyash-akgershn-balduren-balbbek-knshua-toptary-bojynsha-2023-2024-ou-zhylyna-perspektiva-zhospary.html

]]>

]]>
admin Fri, 01 Sep 2023 09:18:24 +0600
Ересек "Балапан", "Еркетай", "Шұғыла", "Балауса" топтары бойынша 2023-2024 оқу жылына перспектива жоспары http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/436-eresek-balapan-erketaj-shyla-balausa-toptary-bojynsha-2023-2024-ou-zhylyna-perspektiva-zhospary.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/436-eresek-balapan-erketaj-shyla-balausa-toptary-bojynsha-2023-2024-ou-zhylyna-perspektiva-zhospary.html admin Fri, 01 Sep 2023 09:15:43 +0600 2023-2024 оқу жылы бойынша 2 жасар "Күннұры", "Жұлдызша" тобына арналған перспективалық жоспар http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/515-2023-2024-ou-zhyly-bojynsha-2-zhasar-knnry-zhldyzsha-tobyna-arnalan-perspektivaly-zhospar.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/515-2023-2024-ou-zhyly-bojynsha-2-zhasar-knnry-zhldyzsha-tobyna-arnalan-perspektivaly-zhospar.html admin Thu, 31 Aug 2023 15:18:09 +0600 Мектепалды топтар үшін перспективалық жоспар 2022-2023 оқу жылы http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/231-mektepaldy-toptar-shn-perspektivaly-zhospar-2022-2023-ou-zhyly.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/231-mektepaldy-toptar-shn-perspektivaly-zhospar-2022-2023-ou-zhyly.html admin Thu, 01 Sep 2022 16:03:27 +0600 Ересек топтар үшін перспективалық жоспар 2022-2023 оқу жылы http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/230-eresek-toptar-shn-perspektivaly-zhospar-2022-2023-ou-zhyly.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/230-eresek-toptar-shn-perspektivaly-zhospar-2022-2023-ou-zhyly.html admin Thu, 01 Sep 2022 16:02:37 +0600 Ортаңғы топтар үшін перспективалық жоспар 2022-2023 оқу жылы http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/229-ortay-toptar-shn-perspektivaly-zhospar-2022-2023-ou-zhyly.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/229-ortay-toptar-shn-perspektivaly-zhospar-2022-2023-ou-zhyly.html admin Thu, 01 Sep 2022 16:01:45 +0600 Кіші топтар үшін перспективалық жоспар 2022-2023 оқу жылы http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/228-ksh-toptar-shn-perspektivaly-zhospar-2022-2023-ou-zhyly.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/228-ksh-toptar-shn-perspektivaly-zhospar-2022-2023-ou-zhyly.html admin Thu, 01 Sep 2022 15:50:41 +0600 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/69-mektepke-dejng-trbie-men-oytudy-lglk-ou-zhospary-zhne-mektepke-dejng-trbie-men-oytudy-lglk-ou-badarlamasy-negznde-2022-2023-ou-zhylyna-arnalan-jymdastyrylan-s-rekett-perspektivaly-zhospary.html http://24-karmaqshy.balabaqshasy.kz/attestacija/perspektivaly-zhospar/69-mektepke-dejng-trbie-men-oytudy-lglk-ou-zhospary-zhne-mektepke-dejng-trbie-men-oytudy-lglk-ou-badarlamasy-negznde-2022-2023-ou-zhylyna-arnalan-jymdastyrylan-s-rekett-perspektivaly-zhospary.html Білім беру ұйымы: КМҚК «№24 бөбекжай-бақшасы».

Топтар: «Балдырған», «Қызғалдақ» кіші топтары.

Балалардың жасы: 2 жастан бастап. 

Жоспардың құрылу кезеңі: 2022-2023 оқу жылы, қыркүйек айы. 

Ұйымдастырыл ған  іс- әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ

Дене шынықтыру 

Жалпы     дамытушы  жаттығулар.

 жалпы дамытушы жаттығуларды қолдану арқылы балалардың денсаулықтарын нығайту: ұлттық ойындар, саусақ ойындары, қимылды ойындар, жалпы шынықтыру процедуралары;

Негізгі     қимылдар:

педагогтің артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру

бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта жүгіру;

Бір орында тұрып екі аяқтап секіру;

Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен еңбектеу;

Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай) доптарды домалату.

Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) 

гимнастикалық орындықтың үстімен  жүру.

Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қолорамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

 Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге,  ілгектің әртүрлерін қолдана білуді жаттықтыру. Киімдерді шкафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту.       

Жеңдерін  өз бетімен түру, жуыну кезінде киімді суламау, жуыну кезінде суды     шашыратпау білігін  бекіту.

 Үстел басында қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

 Балаларды үстел басында дұрыс отыру, үстелді даярлау заттарымен таныстыруды жалғастыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары: 

Балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларының үйлесімділігімен шынықтыру; 

Дербес     қимыл  белсенділігі.

Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.

Спорттық      жаттығулар:

Велосипед  тебу. 

Үш  дөңгелекті  велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің  көмегімен және өз бетімен рөлді басқару;

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеуді дамыту. 

Айналасындағы     адамдардың  сөзін есту  және тыңдау, түрлі  дыбыстарды саралау, дауыстың  қаттылығы     мен  айтылу жылдамдығын  ажырата     білуді үйрету.

Сөздік қор.

Балаларды     заттардың  қасиеттері мен олармен әрекеттердің атауын айтуға, тілдік қарым-қатынасқа, ауызша сөйлеуге, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.

      Тілдің грамматикалық құрылымы. 

дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;

халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу;

пассивті және белсенді сөздік қорын байыту;

балалардың түрлі әрекеттердегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту.

айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді үйрету;

       Байланыстырып сөйлеу.

    Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге, көркем сөзді эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге, қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.

Көркем әдебиет 

Ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіруді;

кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдауды;

ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық танытуды қалыптастыру.

тақпақтардың иннтонациясын қабылдауды

Сенсорика 

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруға үйрету; 

әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары; 

материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр); 

Қоршаған ортамен таныстыру

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көгөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

бір-бірінің атын атап, қарым-қатынас жасай алуы, жолдастарының есімдерін есте сақтау.

Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту;

түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы     әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыру;

Мүсіндеу 

Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;

сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;

Жапсыру 

Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету. 

Фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру.

Музыка 

Музыка тыңдау:

музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;

Ән айту:

ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;

қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;

ҚАЗАН АЙЫ

негізгі қимыл түрлерін дамыту;

саламатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін және құрдастарымен бірлескен әрекетке дайындықты қалыптастыру.

секіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен, лентамен еденде 10-20 см қашықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру; 10-15 см биіктен секіру;

еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. 

Мәдени-гигиеналық дағдылар.

Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.

Киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге, ілгектің әр түрлерін қолдана білуді жаттықтыру. Киімдерді ш  кафқа немесе орындыққа ұйқыға жатар алдында ұқыпты жинау білігін бекіту. Жолдасының киіміндегі ұқыпсыздықты көруге және оған өз көмегін ұсынуды үйрету.

Жуыну туралы қысқа өлеңдерді немесе тақпақтарды үйрету, оларды ересектермен немесе өз бетінше қайталау.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары:

балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларының үйлесімділігімен шынықтыру;

сумен шынықтыруда ұсақ тастары бар ванна қолданылады. Су температурасы +

30°С градустан +18°С, +16°С -қа дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады.

велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өз бетімен рөлді басқару;

дауысты және дауыссыз дыбыстарды (ызың және үндіден басқа) еліктеу сөздерін қолдана отырып дұрыс айтуды үйрету;

Көркем әдебиет

тақпақтардың интонациясын қабылдауды;

кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін қадағалауға;

Сенсорика

заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;

тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту.

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танауы, құйрығы, аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. 

Көгөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

Құрастыру

құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруға үйрету;

сурет салу техникасын жетілдіру;

фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру;

Музыка

Музыка тыңдау:

әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру;

Ән айту:

әнді жеке және топпен айту, әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Келесі дағдыларды қалыптастыру:

музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру;

ҚАРАША АЙЫ

Дене шынықтыру

негізгі қимыл түрлерін жетілдіру: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау;

жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;

салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп әрекет етуге дайындау.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. 

Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойы-мен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу; 

заттардан (биіктігі 10-15 сантиметр): құрсаудан құрсауға аттап өту; 

тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бір-неше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу;

 Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу;

Биіктігі 50 см жіптің астынан еңбектеп өтуге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру.

 Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. 

Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

Спорттық жаттығулар.

Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.

Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Жыл бойы медицина қызметкерінің жетекшілігімен балалардың денсаулығы мен жергілікті жағдайлар ескеріліп, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.

Сөйлеуді дамыту

көрнекілікке сүйенбей айналасындағылардың сөзін түсіну қабілетін дамыту;

дыбыстарды дұрыс айтуды дамыту;

пассивті және белсенді сөздік қорды байыту;

түрлі балалар әрекетінде қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалардың ауызша және байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету. Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын:  көгөніс пен жеміс атауларын білдіретін зат есімдермен байыту;

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру.

Байланыстырып сөйлеу.

Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді?) жауап беруге өз ойын айтуға үйрету.

Көркем әдебиет

қолжетімді халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет шығармаларына, театр әлеміне баулу;

кітаптарға қызығушылықты дамыту;

Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу.

Бесік жырларын  тыңдауға үйрету.

Сенсорика

қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;

түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ

моторикасын дамыту;

заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

Қоршаған ортамен таныстыру

қарым-қатынас барысында бір-бірінің атын атауға, достарының аттарын есте сақтауға баулу;

аты мен жынысына сәйкес өзін-өзі тануға баулу;

өзгелерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында баланың әлеуметтік

қатынастар жүйесіне енуі негізінде әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру;

табиғат құбылыстарына қызығушылықты ояту;

өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың әсемдігін байқауға үйрету;

табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау; өсімдіктерді аузына алмау және жұлмау).

  құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етуі және бірлескен ойындарға қатысуы үшін жағдайлар жасау.

Бала, оның отбасы, үйі.

«Мен» бейнесі. Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тану.

Заттық әлем.

Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тану.

Көлік.

Көліктер туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

Еңбекке баулу.

Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету.

Адамгершілік тәрбиесі.

Балалардың жалпы қабылданған моральдық-адамгершілік нормалар мен құндылықтарды меңгеруіне ықпал ету. 

Дөрекілікке, сараңдыққа теріс көзқарас қалыптастыру.

Табиғат әлемі.

Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. 

Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру. Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп) мен жемістерді (алма, алмұрт) ажырату.

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу.

 Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Құрастыру

өз өмірінің қауіпсіздігі туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру, заттармен қауіпсіз әрекет ету ережелерімен таныстыру.

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.

Сурет салу

заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру.

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.

Мүсіндеу

материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.

Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.

Жапсыру

құрылыс материалдарынан құрастыруға баулу;

желімсіз жапсыру техникасын игеру;

Жапсыруға қызығушылықты ояту. 

Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту, бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.

Музыка

музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;

балаларды музыкалық шығармашылыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу;

көркемдік қабылдауды дамыту, балаларды бейнелеу өнерінің шығармаларын түсінуге, музыка мен әнді қабылдауға баулу;

Музыкаға деген қызығушылықты ояту, музыка тыңдауға, ән айтуға, қарапайым би қимылдарын орындауға баулу.

Музыка тыңдау.

Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу.

Ән айту.

Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ

Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу;

 заттардан (биіктігі 10-15 сантиметр): құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу. 

Допты қақпаға қарай домалатуға (арашықтығы 1 – 1,5 м) үйрету.

Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу.

Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.

Дербес қимыл белсенділігі.

Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды 

эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.

Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

кітаптарға қызығушылығын дамыту;

Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін, сөздердіжәне қарапайым сөз тіркесте-рін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету.

 Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын: киім, аяқкиім заттарын білдіретін зат есімдермен байыту;

Еңбек әрекетін (жуу, суару, құю) білдіретін  етістіктермен байыту;

Сөз тіркестерін құра білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді?) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.

Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау.

түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;

Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.

әртүрлі өмірлік және ойын жағдаяттарында баланың әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі негізінде әлеуметтік тәжірибесін, жеке қасиеттерін қалыптастыру;

Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.

Заттық әлем.

Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу, бұрау, ашу, белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, машинаны итеру, қуыршақты жатқызу, пирамиданы жинау және бөлшектеу, бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулу.

Көлік.

Көше туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

Еңбекке баулу.

Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету.

Адамгершілік тәрбиесі.

Дөрекілікке, сараңдыққа теріс көзқарас қалыптастыру; басқа балалармен бірге, келісіп ойнауға, бір-біріне көмектесуге және жетістіктеріне, әдемі ойыншықтарға бірге қуануға баулу.

Табиғат әлемі.

Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел.

Құрастыру

заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау

үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру;

құрылыс материалдарынан құрастыруға баулу.

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.

Сурет салу

бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру.

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. 

Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.

Жапсыру

желімсіз жапсыру техникасын игеру.

Фланелеграфта үйлерді орналастыру.

көркемдік қабылдауды дамыту, балаларды бейнелеу өнерінің шығармаларын түсінуге, музыка мен әнді қабылдауға баулу.

Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын тани білу.

Ән айту.

Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Қарапайым би қимылдарын орындау: шапалақтау және аяқты тарсылдату.

ҚАҢТАР АЙЫ

Жүгіру. 

Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; 

бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.

Алға және екі жаққа еңкею. 

Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу.

Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын: үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын заттарын білдіретін зат есімдермен байыту;

еңбек  әрекетін (ашу-жабу, кию-шешу, алу – салу) қарама – қарсы мәндес әрекеттерді білдіретін етістіктермен байыту;

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу.

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». 

Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. 

Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.

- табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерімен таныстыру (бейтаныс жануарларға жақындамау, оларды сипамау; өсімдіктерді аузына алмау және жұлмау).

- құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етуі және бірлескен ойындарға қатысуы үшін жағдайлар жасау.

Бала, оның отбасы, үйі.

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету.

Жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.

Табиғат әлемі.

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. 

Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота), аңдармен (аю, қасқыр, қоян) және құстармен таныстыру, оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу.

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынас-тарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.

Жапсыру

желімсіз жапсыру техникасын игеру.

Фланелеграфта доптарды орналастыру.

Фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.

АҚПАН АЙЫ

Жүгіру

Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. 

Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.

Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Балалардың сөздік қорын: көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін зат есімдермен байыту;

Заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. 

Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.

Аулаға ұшып келетін құстарды (торғай, көгершін, қарға), үй құстарын (тауық, қаз, үйрек), маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылау.

Құрастыру

заттар туралы түсініктерді, бейнелеу және құрастыру әрекеттерін нақтылау үшін көру және сипап-сезу (тактилді) зерттеу әдістерін қалыптастыру;

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.

Сурет салу

бейнелеу өнеріне шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;

Мүсіндеу

материалға ұқыпты қарауға, оны дұрыс қолдана білуге үйрету;

Фланелеграфта шарларды орналастыру.

Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Қарапайым би қимылдарын орындау: денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу.

НАУРЫЗ АЙЫ

Еңбектеу, өрмелеу. 

Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. 

Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру, қуыршақты бесікке бөлеп, бесік жырын айтып отырып ойнату арқылы балаларды қамқорлыққа баулу, балаларға бесік жырын күнделікті ұйықтар алдында тыңдатуды әдетке айналдыру, топтағы барлық баланы ересектердің жақсы көретінін сездіру.

Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру,

олармен ойнау және эксперимент жасау.

Фланелеграфта қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру.

Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.

Ән айту.

Әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау.

СӘУІР АЙЫ

Домалату, лақтыру. 

Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 метр арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.

Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.

Еңбек әрекетін (жуу, суару, құю), қарама-қарсы мәндес әрекеттерді (ашу- жабу, кию-шешу, алу-салу), адамдардың қарым-қатынасын (құшақтау, көмектесу), көңіл-күйін (қуану, күлу, ренжу) білдіретін етістіктермен байыту.

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.

Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.

«Дұрыс», «дұрыс емес», «қауіпті» түсініктерімен, серуенде және сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (лас суды ішпеу, құмды шашпау, тастарды лақтырмау) таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау, суреттің қарапайым элементтері ретінде тік және тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.

Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жапсыру

желімсіз жапсыру техникасын игеру.

Фланелеграфта гүлдерді орналастыру.

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.

Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ) таныстыру.

Ән айту.

Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Қимылдарды музыкалық аспаптармен (бубенмен, сылдырмақпен, маракаспен) орындау дағдысын дамыту.

МАМЫР АЙЫ

Секіру. 

Бір орында тұрып қос аяқпен секіруге, алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіруге, 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге, еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Орнында жүру. 

Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. 

Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. 

Аяқтың өкшесін алға қою. 

Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).

Қимылды ойындар.

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру).

Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету.

Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.

Жақын адамдарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға баулу.

Табиғат әлемі.

Жолдардағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін біледі. 

Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. 

Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.

Қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай) дыбыстарымен таныстыру.

Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.

]]>
Білім беру ұйымы: КМҚК «№24 бөбекжай-бақшасы».

admin Thu, 01 Sep 2022 09:48:12 +0600