27
май
2021
Қош бол, балабақшам!
КМҚК “ 24 бөбекжай - бақшасы “ мектепалды “ Күн нұры “ , “ Жұлдызша “ , “Шұғыла “ , “ Балдырған “ , “ Ақ көгершін “ ,
“ Балауса “ және орыс тілді “ Семицветик ” топтары бүлдіршіндері арасында “ Қош бол балабақша “ тақырыбында балабақшамен қоштасу кеші болып өтті. Мерекелік іс-шара еліміздегі жағдайға байланысты ашық аспан астында өтті . Мерекенің мақсаты :
Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Біздің бүгінгі балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз үшін үлкен мереке,балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз балабақшамен қоштасқалы отыр. Бүлдіршіндерімізге ақ жол тілейміз.
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!