«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай сайыс 02 ақпан күні бөбекжай-бақша тәрбиешісі Г.Абилмажанованың ұйымдастыруымен ересек 4 топтың ата-аналары арасында өткізілді. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беріп, сайысқа белсене қатысты. Меңгерушіміз К.Борсынбаева ата-аналар мен бүлдіршіндерді құттықтап түрлі номинациялармен марапаттады.