11
апрель
2023
Мұражайға саяхат
12 сәуір – Ғарышкерлер күні.Осыған орай #24 бөбекжай-бақшасының #3 Ересек "Балдәурен"
тобының тәрбиеленушілері және ата-аналарымен бірге мұражайға саяхаттады.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері,ал Байқоңыр–ғарыш аймағына айналды.Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.
Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
Тәрбиешілері:Жалиева Динара Түйебайқызы
Ерғазиева Айгерім Қалибайқызы